Дзюдо: Кәмила Берліқаш ескерту саны бойынша жеңіліске ұшырады

Редакция Ulyssport

Дзюдодан жеке сайыста бақ сынаған соңғы спортшымыз жарысты аяқтады, деп хабарлады Ulyssport.kz

Аса ауыр салмақтағы дзюдошымыз Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды.

Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды.

Айта кетейік, Камила Үлкен дулыға турнирінде бір рет финалға шыққан, тағы 2 рет үздік үштікті түйіндеген.

Адиясурэн Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Биыл Гонконгта өткен Азия чемпионатының финалына шығып, қарсыласқа есе жіберген.

Париж Олимпиадасында жекелей сында 8 дзюдошымыз күресіп, 2 жүлдеге қол жеткізді. Елдос Сметов (60 кг) елімізге алғашқы алтынды сыйласа, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Енді Қазақстан құрамасы ертең командалық сайыста жүлдеге таласады.