ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан J200 санатындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жарысқа бірінші нөмірлі спортшы ретінде қатысып жатқан қазақстандық теннисші жартылай финалда оңтүстіккореялық Сион Джиді 6:1, 7:5 есебімен жеңді.
Заңғар енді шешуші матчта тағы бір оңтүстіккореялық теннисші Мин Хук Чомен кездеседі. Ол жартылай финалда қазақстандық Даниэль Тазабековті жеңген еді.
Финалдық матч ертең, 5 қазанда өтеді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатыса алмайтынын хабарлаған едік.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, спортшы Ханчжоу қаласындағы финалда алған жарақатының салдарынан алдағы турнирлерде ойнамайды.