Тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды

Дастан Кенжалин

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамын жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Құрамда жеті спортшы бар. Жүлде үшін төмендегі атлеттер бақ сынайды:

- Рамис Дінмұхаметов

- Дмитрий Носков

- Әлішер Жұмақан

- Илья Карабутов

- Кирилл Курдиди

- Рамазан Мұхтар

- Данияр Шаяхметов

Әлем чемпионаты 22–26 қазан аралығында өтеді.