Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен өткен Азия чемпионаты аясында әйелдер арасындағы су добынан үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қола медаль үшін Қазақстан және Таиланд құрамалары өзара бақ сынады. Негізгі ойын уақыты 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар 3:2 есебімен басым түсіп, жалпы нәтиже 9:8 болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, бүгін, 11 қазанда, ерлер құрамасы да үшінші орын үшін жарысқа шығады. Қарсылас – Жапония құрамасы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Норвегияның Ферде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтағанын жазған едік.