Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды.
Отандастарымыздың қоржынында 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде бар.
Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды.
Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.