Семсерлесуден ұлттық құрамамыз жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы командалық сайыста Париж Олимпиадасының ширек финалында 30:45 есебімен Венгрияға жол берді.
Мұнда жекелей сайыста сенсация жасаған Руслан Құрбанов (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері), Эльмир Әлімжанов (Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері) Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов квартеті сынға түсті.
Қарсылас құрамы мынадай:
Мате Томаш Кох (2023 жылғы әлем чемпионы, Еуропа ойындарының жеңімпазы), Гергели Шиклоши (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы), Тибор Андрашфи (Жеке сайыстан Париж Олимпиадасының жартылай финалисі) пен Давид Надь.
Біздің Ұлттық құрама қазір әлем рейтингінде 4-ші, Венгрия 5-ші сатыда тұр.
Қазақстан ерлер командасы - бірнеше дүркін Азия чемпионы, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше мәрте жүлдегері.
Сондай-ақ, Қазақстан - Сен-Мор-де-Фоссе (Франция) және Тбилиси (Грузия) қаласында өткен Әлем кубогының қола жүлдегері, былтыр Ыстанбұлда өткен Әлем Кубогының чемпионы.
Ал Венгрия командасы - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері.