Ұлттық құрама қақпашысыы жылқыға да риза екенін айттты

Редакция Ulyssport

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен қақпашыларға көлік сыйлау үрдісі туралы әзілдеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Бұған дейін "Қайрат" клубының қақпашыларына еурокубоктардағы сәтті ойындардан кейін көлік сыйланған болатын: 18 жастағы Шерхан Қалмұрза кәсіпкерден көлік алса, 22 жастағы Темірлан Анарбековке бір компания сыйлық жасаған.

"Қақпашылардың бәріне көлік мінгізіп жатыр ғой. Маған бір жылқы мінгізсе де ризамын…" – деді Сейсен күліп.

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаевтың пікірінше, Сейсен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңдағы матчтың (1:1) алғашқы таймында-ақ көлікке лайық ойын көрсетті.

J тобы

  1. Бельгия – 14 ұпай (6 матч)
  2. Солтүстік Македония – 13 ұпай (7 матч)
  3. Уэльс – 10 ұпай (6 матч)
  4. Қазақстан – 7 ұпай (7 матч)
  5. Лихтенштейн – 0 ұпай (6 матч)

15 қарашада өтетін матчтар:

Қазақстан – Бельгия,
Лихтенштейн – Уэльс.