×

Теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

17.10.2025, 14:19
Теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

1/8 финалда қазақстандық спортшы украиналық Даяна Ястремскамен кездескен болатын.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетте Рыбакина жеңіске жетті, екіншісінде Ястремская басым түсті. Ал шешуші үшінші сетте Елена 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Келесі айналымда Рыбакина аустралиялық Айла Томляновичпен күш сынасады.

Новости партнеров