Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионаты-2025 жарысында Алматы облысының өкілі Сұлтанбек Айбарұлы финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Ол жартылай финалда Шымкенттік Даурен Мамырды 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, ширек финалда Айбарұлы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Токиодағы Олимпиада қатысушысы әрі Сауль «Канело» Альварестің залында жаттыққан танымал боксшы Әбілхан Аманқұлды сенсациялық түрде жеңген болатын.
Биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ережелері бойынша өтіп жатыр және 21 қазанға дейін жалғасады.