Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: қазақстандық жағажай волейболшылары Қытайға есе жіберді

Дастан Кенжалин

Қазақстан қыздар құрамасы Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қытайға есе жіберді, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Сали Сабиров, ҰОК

Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет үшін бұл ойын топтық кезеңдегі үшінші матч болды.

Шри-Ланка және Қатар құрамаларын жеңгеннен кейін, отандастарымыз алғаш рет жеңіліп қалды. Қытай құрамасы кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті.