Бразилиялық Sofascore статистикалық платформасының аккаунты алматылық «Қайрат» клубының 22 жастағы қазақстандық қақпашысы Темірлан Анарбековтің кипрлік «Пафосқа» қарсы ойынын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulyssport.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы матч 21 қазанда Алматыда өтті және 0:0 есебімен тең аяқталды.
«Темірлан Анарбеков «Қайрат» — «Пафос» 0:0 матчында 10 ұпайлық баға алды!
— 0 жіберілген гол (!)
— 5 сейв
— Айып алаңынан бағытталған 5 соққыны қайтарған (!)
— Қақпаға бағытталған соққылардың 100%-ын қайтарған (!)
— Sofascore бағасы: 10», — делінген Sofascore Brasil жарияланымында.
6 қарашада қазақстандық клуб сырт алаңда италиялық «Интермен» кездеседі.