Омар Сатаев грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Дастан Кенжалин

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Омар Сатаев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үшінші орын үшін өткен белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанса, Мерей Мәулетханов қола медальға ие болған еді.