Карина Ибрагимова күтпеген жерден есе жіберді

Редакция Ulyssport

Бокстан 57 келідегі Карина Ибрагимова жарысты аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

57 келідегі Карина Ибрагимова  Париж шаршы алаңындағы алғашқы айқасында Эшлионн Лосада Моттадан (Пуэрто-Рико) ұтылып қалды.

Есеп: 0-5.

Эшлионн ширек финалда Юлия Шеремета (Польша)/Тина Рахимимен (Аустралия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Айта кетейік, Карина әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері (күміс, 2 қола), Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанған. Ал Эшлионн Панамерика ойындарының қола жүлдегері. Ол - Олимпиадаға лицензия алған Пуэрто-Риконың алғашқы әйел боксшысы.

Енді әйелдер сапынан 50 келідегі Назым Қызайбай ғана жарыс жолын жалғастырады.