Таеквондо: Евгений Васенкин жасөспірімдер Азиадасының алтын медалі үшін бақ сынайды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық таеквондошы Евгений Васенкин Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Васенкин Иордания спортшысы Ахмад Әл Рабабахты 2:0 есебімен ұтты.

Финалдық кездесу бүгін, 26 қазанда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін велошабандоз Анель Ташбай жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алған еді.