Wimbledon Juniors: екі қазақ жарысты жеңіспен бастады

Ерик Ильясов

Уимблдонның жасөспірімдер арасындағы турнирінің жекелей сынында екі бірдей қазақ теннисшісі жарыстың екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ulyssport.kz

 

С.Жиенбаеваның Инстаграм парақшасынан

Ұлдар арасында Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов қарсыласы Де Алмейданы (Бразилия) 7:6, 6:3 есебімен ұтса, қыздар арасында Соня Жиенбаева Брук Блэктен (Ұлыбритания) басым түсті. Есеп 6:3, 3:6, 6:3. Жекелей сында бақ сынаған тағы бір қазақстандық Асылжан Арыстанбекова бірінші айналымнан өте алмады.

Үшінші кезеңге өту үшін Омарханов Ұлыбритания өкілі Люк Хуперге, ал Жиенбаева Жапония спортшысы Эна Койкеге қарсы ойнайды.