Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Досжан Жұмақан чемпион атанды

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Арлан Олжабай. ҰОК

Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті.

Отандасымыз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.