30 қазанда Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық кезең басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Алғаш болып Арман Мырсәбит шаршы алаңға шықты.
Жерлесіміз 46 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.
Арман ақтық сында өзбекстандық Абдугани Еркинджоновпен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша өзбек боксшысы алтын медальға ие болды.