Қазақстан УЕФА финалдарының бірін өткізуі мүмкін

Редакция Ulyssport

УЕФА-ның ресми сайты Еуропа футбол қауымдастықтары одағы 2028 және 2029 жылдары клубтық турнирлердің финалдарын — Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференциялар лигасы және әйелдер Чемпиондар лигасын — өткізуге ниетті 15 ұлттық федерациядан өтініштер қабылдады, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

2028 жылғы УЕФА Конференциялар лигасы финалын өткізуге үміткерлер тізіміне Франция (Лилль, «Пьер Моруа» стадионы), Венгрия (Будапешт, «Пушкаш Арена»), Италия (Турин, «Ювентус Стэдиум»), Польша (Гданьск, «Арена Гданьск») және Қазақстан кірді.

Қазақстан атынан екі нұсқа қарастырылуда: Астана («Астана Арена») және Алматы («Алматы Арена»). Қала мен стадион бойынша түпкілікті шешім ресми өтінім берілген кезде қабылданады.

УЕФА нақтылап өткендей, қызығушылық білдіру туралы өтініштер міндетті емес, ал толық өтінім құжаттарымен бірге ресми ұсыныстар 2026 жылдың 10 маусымына дейін тапсырылуы тиіс.