Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады

Дастан Кенжалин

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

ҚТФ

Алғашқы матчта Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Матч 58 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, бір қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Қазақстандық спортшы Серена Уильямс тобы аясындағы келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекке қарсы өткізеді.