«Қайраттың» көшбасшыларының бірі Чемпиондар лигасына қатыспайды

Редакция Ulyssport

"Қайраттың" орталық қорғаушысы Александр Мартынович УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Интерге» қарсы матчтқа жарақатына байланысты қатыспайды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин айтты. 

– «Интерге» қарсы матч алдында біздің қақпашылар мен барлық ойыншылардың жағдайы жақсы, тек Мартыновичтен басқа. Александрдың чемпионаттағы соңғы ойыннан кейін жеңіл жарақаты бар, – деді Уразбахтин.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін бір ғана ұпай жинап, турнирлік кестеде 34-орында тұр. Кездесу сәрсенбі, 5 қараша күні «Сан-Сиро» стадионында өтеді.