«Қайрат» пен «Интер» ойыны рекорд жаңартты

Редакция Ulyssport

Милан қаласында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші туры аясында өткен «Интер» — «Қайрат» (1:2) матчына 69 983 көрермен жиналды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

МИЛАНДАҒЫ «ИНТЕР» — «ҚАЙРАТ» МАТЧЫ: КӨРЕРМЕН САНЫ БОЙЫНША ТУРДЫҢ РЕКОРДЫ

Бұл көрсеткіш турдағы барлық ойындар арасындағы ең жоғары аудиториялық нәтиже.

Көрермен саны бойынша келесі орындарда «Марсель» — «Аталанта» (64 319) және «Ливерпуль» — «Реал Мадрид» (59 916) кездесулері орналасқан. Үздік бестікке сондай-ақ «Атлетико» — «Юнион» (59 347) және «Бенфика» — «Байер 04» (55 796) матчтары енді. Жалпы тур аясында 18 ойын өтті.

Айта кетейік, Миландағы бұл матч Қазақстан клубының қатысуымен өткен еурокубоктар тарихындағы ең көп көрермен жиналған ойын ретінде тіркелді.