Абиба Абужақынова: Соңына дейін лайықты өнер көрсеттік

Редакция Ulyssport

Дзюдодан Абиба Әбужақынова командалық сайысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Дзюдодан аралас командалық сайыстың алғашқы айналымында Қазақстан құрамасы Бразилиядан 2:4 есебімен жеңілді. Ал 48 келідегі Абиба Әбужақынова бұған дейін 57 келіде Рио Олимпиадасында топ жарған Рафаэль Сильваға қарсы шығып есе жіберді.

“Бұған дейін Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарында командалық бәсекеге қатысып көрмеген. Құрам толық емес. Барлығымыз өзімізден үлкен салмақтағы спортшыларға қарсы шықтық. Сонда да соңына дейін лайықты өнер көрсеттік. Барлығына сендік. Соңына дейін жанкүйер болдық. 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында барлығымыз жүлде тұғырында тұрамыз деп сенеміз. Бізге қолдау көрсеткен барша қазақ халқына рақмет! Тағы да сәтсіздік үшін кешірім сұраймыз!”

Айта кетейік, дзюдодан командалық бәсеке тек 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында ғана енгізілді.