Қазақстандық жүзгіштер Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды

Редакция Ulyssport

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері бірқатар финалдық кезеңдерге жолдама алды.

Әділбек Мусин, Максим Сказобцов және Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалға шықты.

Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль үшін сынға түседі.

Ал 50 метрге еркін стильмен жүзуден шешуші кезеңде ел намысын Софья Сподаренко мен Глеб Коваленя қорғайды.