Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті.
Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.
Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.
Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.