Спорттық гимнастика: Милад Карими 5-орынға тұрақтады

Редакция Ulyssport

Спорттық гимнастикадан еркін жаттығудың финалдық сайысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport

Милад Карими Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан кезекті финалда бақ сынады.

Еркін жаттығудан ақтық сында отандасымыз финалда 14.500 ұпай жинап, 5-орынға ие болды. Айта кетейік, Милад бірнеше күн бұрын еркін жаттығудың іріктеуінде 14.433 ұпаймен 7-сатыға тұрақтаған.

Карими өзінің алғашқы Токиодағы Олимпиадасында кермедегі және еркін жаттығудан, жекелей көпсайыстан ақтық сынға шыққан. Ол кезде еркін жаттығуда 14.133 ұпаймен 5-орыннан көрінген. 

Бүгін Карлос Юло (Филиппин) чемпион атанып, осы спорт түрінен Филиппинге тұңғыш рет алтын жүлде сыйласа , Артём Долгопят (Израиль) күміс, Джейк Джариан қолаға қол жеткізді.

Енді тұтқалы ат снаряды бойынша Нариман Құрбанов финалда өнер көрсетеді.