Исламиада-2025: муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан финалға жолдама алды

Дастан Кенжалин

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Жартылай финалда қазақстандық муай-тай шебері Әзірбайжан өкілі Али Алиевтен басым түсті.

Финал 14 қарашада өтеді.