Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің тағдыры белгілі болды

Редакция Ulyssport

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ұлттық команданың тізгінін ұстау болашағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өтетін Қазақстан – Бельгия матчы алдындағы баспасөз мәслихатында бапкерге Жезқазғандық "Ұлытау" футбол клубындағы қызметін және ұлттық құрамадағы жұмысын жалғастыру туралы сұрақ қойылды.

Ұлттық құраманың бапкері бұл қызметті Жезқазғандағы клуб президенті лауазымымен қатар атқарып жүр.

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан құрамасына шетелдік бапкер тағайындалуы туралы жазу тоқтап, "Ұлытау" клубындағы менеджер ауысымы жайлы ақпараттар тарай бастады. Осыған байланысты, сіз ұлттық құрамадағы жұмысыңызды жалғастырасыз ба?

"Шынымды айтсам, 'Ұлытау' туралы алғаш рет сізден естіп отырмын. Менің білетінім бойынша, клубта биылғы маусымда жұмыс басталған жоқ. Ал құрамға келсек, бұл мәселе басшылыққа қатысты. Алғашқы кездесуде де, екі ойыннан кейін де бұл тақырып көтерілді.Біз бұл жерде қалыптасқан жағдайға байланысты отырмыз. Келесі екі ойыннан кейін басшылықпен тағы сөйлесеміз, әрине, жұмыс нәтижелерін ұсынамыз", – деді маман баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Байсуфинов Қазақстан құрамасына Али Алиев отставкаға кеткеннен кейін қайта оралды. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі матч өткізіп, төрт ұпай жинады.

Қазақстан құрамасы ертең, 15 қарашада Бельгиямен ойнайды, ал 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді.

Сонымен қатар, Байсуфинов тағайындалғаннан кейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі шетелдік бапкер іздестіріліп жатқанын хабарлап, қыркүйек айында кандидаттармен келіссөздер бастағанын мәлімдеген болатын.