Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Польшаның Гданьск қаласында өткен WTT Feeder Gdansk халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жарыс барысында Ақашева Израиль теннисшісі Элинора Давыдованы, Польша спортшысы Наталья Гаевскаяны және Хорватия өкілі Матея Йегерді жеңді.
Алайда жартылай финалда Жапония спортшысы Хитоми Сатодан жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалағанын жазған едік.