Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті.
1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.
Осылайша, Бегалиев кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болғанын жазған едік.