Исламиада-2025: балуан Зейнеп Баянова финалға өте алмады

Дастан Кенжалин

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Бұрымды балуанымыз 53 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күрескен еді.

Ол бұл кезеңде Нигерия өкілі Кристиана Огунсаньямен белдесті. Нәтижесінде нигериялық балуан финалға өтті.

Ал отандасымыз Зейнеп Баянова тәжікстандық Ватансултон Шакаршоевамен қола жүлдені сарапқа салады.