Геннадий Головкин тағы бір қызметке тағайындалады

Редакция Ulyssport

Халықаралық World Boxing ұйымы қазақстандық Геннадий Головкиннің ұйымның келесі президенті болатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, Головкинді тәуелсіз тексеру комиссиясы қарағаннан кейін ол президенттікке жалғыз кандидат болып қалды.

World Boxing жарғысына сәйкес, егер жетекшілікке тек бір ғана кандидат ұсынылса, оны конгресс аккламация арқылы бірауыздан қабылдай алады. Осылайша, Геннадий Головкин 2025 жылдың 23 қарашасында Римде өтетін конгрессте ресми түрде президент қызметіне бекітіліп, қазіргі президент Борис ван дер Ворсттан өкілеттікті қабылдап алады.

Президент сайлауынан бөлек, конгрессте бір вице-президенттік орынға және атқарушы кеңестің екі мүшелігіне сайлау өтеді. World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде бокс спортын олимпиадалық қозғалыста сақтау мақсатында құрылған болатын және 2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиада комитетінен уақытша мойындауға ие болды.