Отандық балуандар Қайратхаан Шонқу мен Рамазан Әбдрасіл Сурдлимпиада ойындарында күміс және қола медаль алды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін Сурдлимпиадада грек-рим күресінен бәсекеде Рамазан Әбдрасіл (97 келі) жұбаныш белдесуінде Арарат Саргсянды 13:5 есебімен жеңіп, қола медальге ие болды.
Сонымен қатар Қайратхаан Шонқу (130 келі) грек-рим күресінен финалдық белдесуде NDA (бейтарап ел) спортшысы Алексей Шемаровтан жеңіліп, күміс жүлдегері атанды.
Бұған дейін Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алған еді.