Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шешуші матчта ұлттық құрама Жапонияны 4:3 есебімен ұтты.
Оған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді: алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен жеңді, кейін Қытайды 5:1 нәтижесімен ойсырата ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.