Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Дастан Кенжалин

Желтоқсан айында Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жарыс бағдарламасына еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресі енгізілген.

Аталмыш додаға Қазақстанның әрбір өңірінен 1000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар ұлттық құрама көшбасшылары да жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионы 1-6 желтоқсан аралығында Almaty Arena спорт кешенінде өтеді.