Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.
Отандасымыз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғауда.
Бейбарыс ширек финалда Түркия өкілі Бара Рахмет Симсекпен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жерлесіміз 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді қазақстандық таеквондошы 1/2 финалда 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Ашрафи Амирмохаммадпен (Иран) кездеседі.