Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлде алды

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасының төртінші жүлдесі қоржынға түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады. 

1-орын. Рис Маккленаганның (Ирландия) – 15.533 ұпай

2-орын. Нариман Құрбанов – 15.443 ұпай

3-орын. Стефен Недорощик (АҚШ) – 15.300 ұпай

Жарыс барысында жерлесіміз 3 дүркін Олимпиада чемпионы Макс Уитлок (Ұлыбритания), Олимпиада чемпионы Олег Вернияевті (Украина) басып озды. 

Бұған дейін Қазақстан тарихында спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдесі болған емес.


Қазір Қазақстан делегациясында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.