Қазақстан үстел теннисінен Италиядағы турнирде қола медальға ие болды

Дастан Кенжалин

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орын алды.

Фото: ҰОК

Спортшылар аралас жұптық сын бойынша қола медаль жеңіп алды.

1/8 финал

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) - 3:2

Ширек финал

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) - 3:2

Жартылай финал

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) - 0:3