2025 жылы Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өтетін Әлем чемпионаты Халықаралық бокс қауымдастығы (International Boxing Association – IBA) аясында ұйымдастырылуда. Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды:
- 48 кг: Теміртас Жүсіпов — Гаурав Соланки (Үндістан) / Али Нгвандо (Танзания)
- 51 кг: Даниял Сабит — Келвин Майна (Кения)
- 54 кг: Сәкен Бибосынов — Катего Кеорапетсе (Ботсвана)
- 57 кг: Оразбек Асылқұлов — Джозеф (Синт-Мартен) / Санчес Да Силва (Кабо-Верде)
- 60 кг: Серік Теміржанов — Эрдэнэбатын Цэндбаатар (Моңғолия)
- 63,5 кг: Ертуған Зейнулінов — Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия) / Митч Ледерман (Австралия)
- 67 кг: Санатали Төлтаев — Джеральд Кабинда (Замбия)
- 71 кг: Абылайхан Жүсіпов — Альфино Саезар (Индонезия) / Арарат Арутюнян (Армения)
- 75 кг: Сабыржан Аққалыков — Касилилика (Танзания) / Кузен (Сейшел аралдары)
- 81 кг: Ерасыл Жақпеков — Эбенезер Зунграна (Буркина-Фасо)
- 86 кг: Дәулет Төлемісов — Рамон Батагелло Соуса (Бразилия)
- 92 кг: Нұрмағамед Юсупов — Навруз Джафоев (Тәжікстан)
- 92+ кг: Нұрлан Сапарбай — Вандаи Амир Эсмаили (Иран) / Иман Раамезанпурделвар (IBA-Pro)
Чемпионат 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыс 13 салмақ дәрежесін қамтиды.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
- Жалпы сыйақы қоры – 8,32 миллион АҚШ доллары
- Чемпиондар – 300 мың доллар
- Күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар
- Қола жүлдегерлер – 75 мың доллар
- 5-орын иегерлері – 10 мың доллар