IBA аясындағы бокстан әлем чемпионаты: бүгін ел құрамасынан кімдер шығады

Редакция Ulyssport

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 6 желтоқсанда ел құрамасынан төрт боксшы сынға түседі, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Күндізгі сессияның басталу уақыты Қазақстан уақытымен 18:00-ге белгіленген. Ел құрамасынан Сабыржан Аққалықов (75 келі) шамамен 20:45-те Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинмен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессия Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Бұл сессияда еліміздің атынан үш былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Алдымен 22:30-да Даниял Сәбит (51 келі) кениялық Келвин Майнамен кездессе, дәл сол уақытта басқа рингте Сәкен Бибосынов (54 келі) бразилиялық Катего Кеорапетсемен шеберлік байқасады.

Бұл күні ел құрамасынан соңғы жекпе-жекті Серік Теміржанов (60 келі) моңғолиялық Эрдэнэбатын Цэндбаатарға қарсы өткізеді. Олардың жекпе-жегі шамамен 00:15-ге белгіленген.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әуесқой боксшы Дулат Бекбауов ресми түрде екі жылға жарыстардан шеттетілгенін жазған едік.