«Ордабасы» ФК жекешелендіруге дайындықты бастады

Дастан Кенжалин

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ-де өткен брифингте «Ордабасы» футбол клубын жеке секторға беру жоспарына кеңірек тоқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол қала билігінің бұл мәселені тезірек шешуге мүдделі екенін атап өтті. Әкімнің айтуынша, клубты жеке басқаруға көшіру оның жұмыс тиімділігін арттырып, қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді.

— Бұл процесс ұзаққа созылмайды. Келіссөздерді қысқа мерзімде аяқтау үшін барлық шараны қабылдап жатырмыз. Қандай компаниялармен кеңес жүріп жатқанын қазір айту ерте. Нақты келісімдер жасалған бойда, біз қоғамды жедел түрде хабардар етеміз, — деді Ғабит Сыздықбеков.