Астана Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды

Редакция Ulyssport

13-14 желтоқсан күндері Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға  Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.

13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді (барлығы 15 салмақ дәрежесі). 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған.

Турнир Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.

Жарыстың басталу уақыты:

13 желтоқсанда сағат 11:30-да, 14 желтоқсанда сағат 12:00-де.