Беделді Ring Magazine порталы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын үздік боксшылар рейтингінен алып тастады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ring Magazine Танымал бокс порталы орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Ұсынылған тізімнен бұған дейін бірінші орында тұрған, WBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына орын табылмады.
Дереккөз бұған қазақстандық боксшыдан допинг анықталғаны себеп болған деп түсіндірген.
Еске салайық, желтоқсан айының басында WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырғаннан кейін жанжалға іліккен еді.
Оның қанынан тыйым салынған препарат — мельдоний анықталған. Осыған байланысты кубалық Эрисланди Лараға қарсы үшінші WBA титулы үшін өтуі тиіс жекпе-жек тоқтатылды.