Жеңіл атлетика: Нора Джеруто финалға шықты

Редакция Ulyssport

Бүгін жеңіл атлетикадан 3 000 метрге  кедергімен жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды. 

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. 

Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында 8 минут 53 секунд нәтижесімен Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.

Ал осы қашықтықтағы тағы бір өкіліміз Дэйзи Джепкемей мәреге 9-шы болып жетіп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.