Таиландтан Дакарға дейін: қазақ боксшыларын жаңа жылда не күтіп тұр

Редакция Ulyssport

Қазақстан бокс құрамаларының 2026 жылғы ресми жарыстар кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық боксшылар мен боксшы қыздар келесі халықаралық жарыстарға қатысады:

  • 8–15 наурыз – Futures жастарға арналған әлем кубогы (Таиланд)
  • 28 наурыз – 11 сәуір – Азия чемпионаты (ерлер мен әйелдер, Моңғолия)
  • сәуір – World Boxing әлем кубогы, бірінші кезең (Бразилия)
  • 1–16 мамыр – Азия чемпионаттары U15 және U17 (Өзбекстан)
  • маусым – World Boxing әлем кубогы, екінші кезең (Қытай)
  • шілде – тамыз – Жастар арасындағы әлем чемпионаты U19
  • 3–16 шілде – Азия чемпионаттары U19 және U23 (Индонезия)
  • 19 қыркүйек – 4 қазан – Азия ойындары (Жапония)
  • 31 қазан – 13 қараша – Жастар арасындағы Олимпиада ойындары (Дакар, Сенегал)
  • желтоқсан – Жабық ғимараттағы Азия ойындары (Сауд Арабиясы)
  • қараша – желтоқсан – World Boxing әлем кубогының финалы (Өзбекстан)

2025 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Өткен жылы Қазақстан құрамалары үш әлем чемпионатына қатысты: 

  • наурызда – Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, Ниш қаласы (Сербия)
  • қыркүйекте – World Boxing әлем чемпионаты, Ливерпуль қаласы (Англия)
  • желтоқсанда – IBA ерлер арасындағы әлем чемпионаты, Дубай қаласы (Біріккен Араб Әмірліктері)