Антальяда басталған ірі халықаралық күрес турнирінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды .Ulyssport.kz.
АЛТЫН МЕДАЛЬ
72 килограмм салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медаль иегері атанды.
ҚОС ҚОЛА
Қазақ балуандары тағы екі қола жүлдені қоржынға салды. 63 килограммда Еркебұлан Ардақов, ал 97 килограммда Рахат Бержанов үшінші орынға тұрақтады.