Футзалдан ұлттық құраманың жаттықтырушысы белгілі болды

Редакция Ulyssport

Бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал, яғни Какау Қазақстан ұлттық футзал құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Әлеуметтік желіден

КАКАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

54 жастағы маман қазақстандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2013–2018 жылдары Қазақстан құрамасын басқарған. Дәл сол кезеңде команда 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлде алып, тарихи жетістікке жеткен еді.

КЛУБТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Какау клубтық деңгейде де табысты жұмыс істеді. Алматының «Қайрат» командасын жаттықтыра отырып, 2013 және 2015 жылдары футзал бойынша УЕФА кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар бірнеше рет Қазақстан чемпионаты мен кубогында жеңіске жетті. Бұл ақпарат ресми инстаграм парақшасында жарияланды.

ҚҰРАМАНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Айта кетейік, Какау 2018 жылы қызметінен кеткеннен кейін құраманы тағы бір бразилиялық маман — Паулу Рикарду Фигейра Силва (Қака) басқарған болатын.

2025 жылы қазақстандық футзал үшін ең үлкен сәтсіздік орын алды: ұлттық құраманың Еуропа чемпионатына (Евро-2026) алғаш рет соңғы 10 жылда қатыса алмауы жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды.