FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Редакция Ulyssport

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан құрамасының қарсыластарының тізімін бекітті. Жаңа халықаралық турнир — FIFA Series 2026 аясында біздің құрама Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ойындар 2026 жылдың 23–31 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

ҚАЗАҚСТАН — АЛҒАШҚЫ ҚАБЫЛДАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ БІРІ

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы мемлекеттердің қатарына кірді. Бұдан бөлек, матчтар Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстанда да ұйымдастырылады. Ал әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ТУРНИР

FIFA Series 2026 — ФИФА ұйымдастырған жаңа форматтағы халықаралық турнир. Ол 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында өтеді. Жобаның басты мақсаты — әртүрлі құрлықтағы ұлттық құрамаларға бір-бірімен ойнауға мүмкіндік беру.