Бокстан ерлер құрамасындағы жалғыз өкіліміз финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz
80 келідегі жерлесіміз Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) 3:2 есебімен жеңді.
Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзербайжан) және Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен.
Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.