Қазақстанны бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымында чехиялық Тереза Валентованы (54-орын) жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, Australian Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.
Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 21-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Бұған дейін Мертенс чехиялық Никола Бартункованы (126-орын) 6:0, 6:4 есебімен жеңген еді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина алғашқы айналымда словениялық Кайя Юванды (100-орын) 6:4, 6:3, ал екінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачеваны (77-орын) 7:5, 6:2 есебімен ұтты.
Еске салайық, биыл Australian Open турнирінің жүлде қоры – 74,9 млн доллар. Турнир жеңімпазы 2 793 365 доллар табыс тауып, сондай-ақ 2000 рейтинг ұпайына ие болады.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.