Мырзағали Айтжанов: Біраз жігіттердің кеткен еселерін қайтарды деп ойлаймын

Редакция Ulyssport

Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері жартылай финалдық кездесуді қорытындылады, деп хабарлады Ulyssport.kz

Владислав Семенов

«Әлемнің ең мықтылары жиналған жарыста әр кезең оңайға соқпайды. Қарсыластың алдындағы жекпе-жектерін көріп, зерттедік. Осы салмақтағы қандасымыз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Тоқтарбек Таңатқаннан басым түскен. Жоспар бойынша, Доминикан өкілінің келгенін күтіп, керек жерде нақты соққы жасауды жөн көрдік. Тапсырма 100% дұрыс орындалды. Біраз жігіттердің жетпеген, кеткен еселерін қайтарды деп ойлаймын. Бір ғана шешуші айқас қалды. Барынша тыңғылықты дайындаламыз.»

Финал 7 тамызға жоспарланған.